МЕКТЕПТЕ БҰРЫШ СПРЕЙІН ШАШҚАН

Авторы: Qyzyljar News

     Ақжар ауданының  Талшық ауылындағы мектеп ғимараттың  фойесінде екі мұғалім бұрыш спрейін шашқан. Оқиға 2024 жылғы 27 қыркүйекте болған.

Полицияға Талшық ауылындағы  мектепте балалардың есінен танғаны, бөлмеден иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Тергеу тобының мүшелері мен учаскелік инспектор  оұушыларды, техникалық қызметкерлер мен мұғалімдерді ғимараттан эвакуациялаған , содан кейін олар ғимаратты тексеруге кіріскен.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  тексеру барысында осы мектептің екі мұғалімі бұрыш спрейіне қарап тұрғаны, салдарын түсінбей, біреуі спрейді шашып, соңында бөлмедегі ауаға тарағаны анықталған

Оқиға салдарынан 11 және 9  жастағы екі оқушы, сондай-ақ 53 жастағы әйел аудандық ауруханаға жеткізілген. Оларға медициналық көмек      көрсетілген, бірақ ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған. Бұрыш спрейін шашқан мұғалімдер  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz