ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ

Авторы: Qyzyljar News

     Аққайың ауданында «Астана-Петропавл» тасжолының 435-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен.

Оқиға орнында  «Daewoo Nexia» автомобилі мен «КамАЗ 54105» жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдары нәтижесінде «Daewoo Nexia» жеңіл көлігінің  40 жастағы жүргізушісі мен 39 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал 17, 19 және 62 жастағы тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz