Шал ақын ауданына жұмыс сапар

Авторы: Qyzyljar News

      Биыл егін ору науқаны күрделі ауа райы жағдайында өтуде. Бүгінде облыстағы астық алқаптарының 80 пайызға жуығы орылды.

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей. Шал ақын ауданына сапар барысында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «Стимул 23» ЖШС егіс алқабында шаруалармен биылғы егін орағы мәселелерін талқылады.  Ол  Шал ақын ауданы басшылығының жылыту маусымына дайындығы туралы есебін тыңдады. Сергеев су торабында болып, жөндеу жұмыстарын, электр желілері бар жағалауды нығайту жұмыстарын бақылады.  Ауданда «Гранит Север» серіктестігінің жаңа асфальтбетон зауыты іске қосылып, жобаға 400 миллион теңге жеке инвестиция тартылды.      Городецкое ауылы жаңғыруда. Қазір бұл ауылға кіреберіс жол орташа жөндеуден өтуде. Облыс әкімі «Городецкое» шаруашылығының қызметімен танысты, басшысы Александр Черкас жұмысшыларға үйлер салды. Сонымен қатар, Ы.Ыбыраев ауылындағы қалпына келген мәдениет үйінде және Жаңажол ауылындағы «АЗКО Жанажол» ЖШС-мен жасалған меморандум аясында ашылған медициналық пунктте болды.

Қарттар күні қарсаңында Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданының аға буын өкілдерімен кездесіп, өңіріміздің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Жылы жүздесу өтіп, қариялар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ауданның одан әрі дамуына ұсыныстарын білдірді.

Шал ақын ауданының тұрғындарымен кездесуде де сауалдар мен ұсыныстар да айтылды. Биыл ауданда бес мектеп пен екі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. Кеңес, Бірлік, Крещенка,  Жаңажол, Мерген және Жаңаталап ауылдарында су желілерінің құрылысы жалғасуда. Сухорабовка мен Семиполкада ауылішілік жолдар, Кривощеково-Афанасьевка-Садовка учаскесінде жол жөнделді. Жыл соңына дейін Ақанбарақ, Мерген, Семиполка ауылдарында жаңа медициналық пункттер ашылады.

461873128 122161965626054610 4415131316427016623 n

461725358 122161965608054610 3395871863183301225 n

461827371 122161965422054610 3760364033478475925 n

461857345 122161965722054610 589287146527889163 n

461868192 122161965560054610 2722403239745839434 n

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz