АЛИМЕНТ БОЙЫНША ҚАРЫЗ БОЛСА ДА …

Авторы: Qyzyljar News

       Облыстық  прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Бас прокуратураның тапсырмасымен алимент төлемдері бойынша міндеттемелерді сақтау мәселесіне тексеру жүргізілген.

Алиментшілер балаларына көп миллиондық қарызы бар бола тұра, букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға көп ақша салып, өз міндеттемелерін елемейтіні анықталды. Мысалы, 4,7 млн. теңге мөлшерінде алимент бойынша берешегі бар борышкер, бір жыл ішінде «1xBet» букмекерлік кеңсесіндегі өзінің аккаунтын жалпы сомасы 33,9 млн. теңге траншпен толықтырып, көрсетілген кезеңде ұтыс нәтижесінде 14,8 млн. теңге шығарған.

Сол сияқты, атқарушылық іс жүргізу бойынша тағы бір борышкер 1,8 млн. теңге алиментін төлемей, екі жыл ішінде «Olimpbet» букмекерлік кеңсесінде 2,5 млн теңгеден айырылған. Алты  борышкерге қатысты осындай фактілер анықталды. Борышкерлердің букмекерлік кеңселердегі операцияларының жалпы сомасы 56 млн. теңгені құраған. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, баптың санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қылмыстық істерді облыс прокуратурасы бақылауға алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz