ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН

чемпиондарға пәтер кілті табысталды

Авторы: Qyzyljar News

       Петропавлда әлемдік додалардың чемпиондары және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеңімпаздарға пәтер кілттерін табыс етті. Жаттықтырушылар да ұмыт қалған жоқ.
Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде жоғары нәтижеге қол жеткізуі ел мерейін өсірді.
«Облыс тарихында біздің спортшылар алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі. Бапкерлерге де алғысым шексіз. Нағыз спортшыларды баптап, аламанға үкілеп қосу жоғары шеберлікті талап етеді», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Қазақ күресінен әлем чемпионы Алтынбек Аусағитовке, грек-рим күресінен әлем чемпионы Ислам Евлоевқа және Қытайдағы Азия ойындарының жеңімпазы, былғары қолғап шебері Наталья Богдановаға пәтер сыйға берілді.
Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресі бойынша ел намысын сәтті қорғаған Мейіржан Берекетов облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сертификатына ие болды. «Ұлттық құрама өзіне берілген тапсырманы орындап шықты. Мен 60 килограмм салмақ дәрежесінде жеңімпаз атандым. Тынымсыз еңбектің арқасында осындай жетістікке жеттік», — дейді Мейіржан Берекетов.
Жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар ғана емес, жаттықтырушылар да Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

461877698 122162097542054610 8545442005625295694 n 461861854 122162097572054610 6979725411564772230 n 461905415 122162097602054610 1098126176576473110 n 461837963 122162097620054610 4397155100674567310 n 461939046 122162097644054610 7340872955979416245 n 461857306 122162097686054610 5195683270980211971 n

 

461981680 122162097530054610 454319360708930903 n

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz