ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН КУӘЛІКТЕР

Авторы: Qyzyljar News

       Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Талдау жүргізу барысында қадағалау органы көлік құралдарын басқару құқығын, қолданыстағы заңнама талаптарын өрескел бұза отырып, заңсыз беру фактілерін анықталды.

Ғ.Мүсірепов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы аудандық соттың 2023 жылғы 22 тамыздағы  қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған «Б» есімді азаматқа «Жол қозғалысы туралы» Заңның талаптарына қайшы түрде, 2024 жылдың сәуір айында тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген. Осыған ұқсас бұзушылықтар Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдерінде анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған іске қатысты лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген екі тракторист-машинист куәліктері уәкілетті орган тарапынан тәркіленіп, жойылды. Қалған 12 куәлікті жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бұзушылықтарды жою мәселелері облыс прокуратурасының бақылауына алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz