СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА БЕС МИЛЛИОН ТОННАДАН АСТАМ АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

       Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының  Qyzyljarnews.kz-ке берген ақпараттарына қарағанда, бүгінгі күнге дейін 2 миллион 908 мың гектар дәнлі және дәнді-бұршақты дақылдардың алқабы жиналған, бұл барлық егістіктің 88 пайызы болып табылды.  

Облыс аумағындағы астық қабылдау орындары мен қырмандарға 5 миллион 118 мың тонна өнім түскен, гектар берекелігі 17,6 центнерден айналуда. Ал майлы дақылдар  193 мың гектар алқапта (28,7 пайыз) жиналып, 228 мың тонна өнім бастырылған, гектар береклігі 12 центнер болған.

Биылғы егіннің шығымдылығы былтырғыға қарағанда анағұрлым жоғары. Кейбір шаруашылықтар гектарынан  40 центнерден астам астық жинауда. Мәселен, Жамбыл ауданындағы «Ак-Жер 2010» ЖШС орта есеппен әр гектардан 42,5 цнетнерден жинаса, Аққайың ауданындағы «Симаргл» ЖШС-де бұл көрсеткіш 40,9-ға тең.

Мамандардың айтуынша, біздің облыста егін жинау науқаны биыл кестеден аздап кешігіп өтуде. Мәселен, былтыр осы уақытта барлық егістік алқаптың 93,2 пайызы немесе 3 миллион 174 мың гектар жиналған екен. Гектар берекелігі 10,5 центнер болып, 3 миллион 327 мың тонна астық бастырылған.

Облыс диқандары ауа райының әрбір  қолайлы сәтін тиімді  пайдаланып, орақ науқанын тезірек аяқтауға күш жұмсауда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz