Зейнеткер 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен үшін сотталды

Авторы: Qyzyljar News

       Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зейнеткерді  соттады. Оған кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған.

Облыстық  соттың  баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың наурызында және 2022 жылдың жазында С. есімді зейнеткер 16 жасқа толмаған Б. есімді қызбен жыныстық қатынасқа түскен.  Айыпталушы кінәсін мойындаудан толық бас тартса да, оның қылмысын куәгерлер әшкереледі. Сондай-ақ сот сараптамасының қорытындысы, заттай айғақтар және істің басқа да материалдары оның кінәлі екенін көрсетті.  Прокурор, зардап шегушінің өкілдері ер адамды бас бостандығынан айырып, белгілі бір қызметтермен айналысуға өмір бойына тыйым салуды сұрады.

Сот үкімімен С. Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-тармағының 1-бөлімі — «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабы бойынша 13 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz