“ОТЫРАР – ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА”

Авторы: Qyzyljar News

       Облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығы­на орай “Отырар” мемлекеттік археологиялық музей-қо­рығының “Отырар – ғасырлар тоғысында” атты көр­месі солтүстікқазақстандықтарға есігін айқара ашты.

600f815e 0f8b 4a8c 82a3 9e7086078d9fСҚО мұражай көрме

Фараб-Отырар өркениеті­нің тарихи-мәдени мұрасын және оның әлемдік мәдениет­тегі маңызын дәріптеу мақса­тын­да ашылған көрмеде І-ХVIII ғасырларға жататын жәдігер­лер – саздан жасалған үй бұйымдары, қап­тау кірпіштері, зергерлік бұ­йым­дар, шыны және мыс ыдыс­тар, күміс мо­неталар және тағы да басқа зат­тар ұсы­нылған. Сонымен қатар мұнда құнды құжаттармен, фотома­те­риалдармен, сәулет, білім және өнер саласындағы жетіс­тіктермен танысуға бола­ды. Көр­мені тамашалаған адам Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны ретінде танылып қана қоймай, VI-VIII ғасырларда орта Сырдариядағы ірі феодалдық меншіктің астанасы, IX-XII ғасырларда округтің бас­ты қаласы болған, XVI-XVII ға­сырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық ор­талығына айналған Отырар­дың тарихынан біраз мағлұмат ала алады.

– Оңтүстік Қазақстандағы Арыс және Сырдария өзенде­рінің түйіскен жерінде орналас­қан Отырар оазисі “Жібек жолының” бірнеше тарихи тармақтарының, сауда жолдары мен мәдени және технологиялық алмасу бағыттарының қиы­лысу торабында орналасқан. Көрнекті археологиялық ескерткіштері бар шаһар Қазақ­стан мен жалпы Орталық Азия өңірінің тарихын зерттеу үшін мәдени-тарихи ма­ңызға ие, – деді “Отырар” музей-қорығының бас сақтаушысы Нұрсұлтан Бекешев.

Көрме қазан айының соңы­на дейді жұмыс істейді.

 

Самрат ҚҰСКЕНОВ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz