ПОЙЫЗ ЖЫЙЫРМА ЕКІ БАС ІРІ ҚАРА МАЛДЫ СОҒЫП КЕТКЕН

Авторы: Qyzyljar News

 Облысымызда темір жол қауіпсіздігіне қатысты оқиға тіркелді. 

Алматы-Петропавл жолаушылар пойызының машинисі Жаңажол-Смирново арасындағы учаскеде шұғыл тоқтау амалдарын қолдануға мәжбүр болған. Алайда темір жолда жүрген малдың көптігінен пойыз тоқтау кезінде 22 бас ірі қара малды соғып кеткен. Оқиға салдарынан пойыз 14 минутқа тоқтаған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі малдың иесін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Аққайың ауданының 45 жастағы тұрғынына темір жол жолағындағы мал бағу ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz