ЕСІРТКІ ТАРАТҚАН КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

 2024 жылдың қаңтарында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлға есірткі жеткізудің ірі арнасының алдын алып, 37 және 33 жастағы екі кәсіпкерді ұстады.

Жеке тінту кезінде және әйелдердің тұрғылықты жері бойынша 158 грамнан астам α-PvP табылды. Сондай-ақ электронды таразы, орау материалы және басқа да орау құралдары тәркіленді. Сонымен қатар ұсталғанға дейін 37 жастағы әйел Алматы қаласына барып, онда 0,5 келіден астам α-PvP қабылдап, осы партияны Петропавлға жеткізуді ұйымдастырған.

Осылайша екі кәсіпкер әйелден барлығы 700 грамм есірткі тәркіленді. Бұл есірткі – облыс полицейлері осы жылы тәркілеген «синтетиканың» ең ірі партияларының бірі. Полицейлер екі әйелдің де есірткіні заңсыз қолданудың салдары туралы өте жақсы біледі.  33 жастағы әйелдің жұбайы «синтетиканы» сатқаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны 11 жылға, оның сыбайласы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz