Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жағдайына шағымданған ата-аналардың жанайқайына жауап қатты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы тозығы жеткен медициналық нысанға қатысты ата-аналар тарапынан көп өтініш-шағым келетінін айтады.
-Өңірдегі эпидахуалдың реттелуіне қарай балаларды біртіндеп жаңадан бой көтерген ауруханаға көшіретін боламыз. Былтырғы жылы салынған нысандағы төсек-орындарының саны – 200. Жартысын балалар бөліміне береміз,-деді ҚұмарАқсақалов.