Полиция қызметкерлері ер адамды өрттен құтқарып қалды

Авторы: Qyzyljar News

      6 қазанға қараған түні сағат үштің шамасында патрульдеу барысында Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санат Еменалин мен Ерлан Тайланов Жұмысшы кентіндегі үйлерінің біріндегі  өртті байқап қалған.

Өртсөндірушілерді шақырғаннан кейін, полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына қарай бет алған. Оның салыну ерекшеліктеріне байланысты үйдің басқа жағынан келуге тура келген.

Аумақта екі уақытша үй тұрған, солардың бірінде өрт шыққан екен. Жалын тез тарай бастаған. Өрттен оянған жергілікті тұрғын хабарлағандай, екінші уақытша үйде адамдар тұрған. Полицейлермен бірге ол да көмекке асыққан.

-Есік оттың кесірінен жабылып қалды. Біз терезені сындырып, оған жақындаған адамды түтіндеп жатқан үйден шығарып алдық. Осы мезетте өрт бөлмені шарпыды, аз уақыттан кейін газ баллоны жарылды, — дейді полиция капитаны Санат Еменалин.

Көршілерімен бірге полиция қызметкерлері өртсөндірушілер келгенге дейін отты  оқшаулау шараларын қабылдаған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz