Туа біткен жүрек ақауы бар балаларға дәрігерлік кеңес берілді

Авторы: Qyzyljar News

    Фото: Дамир Ескендіров

    Петропавлға ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың кардиологтары келіп, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға консультациялық кеңес берді.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мамандарының айтуынша, өңірде 640 бала туа біткен жүрек ақауымен диспансерлік есепте тұр. Олар жергілікті дәрігерлердің ғана емес, еліміздегі жетекші медициналық орталықтар мамандарының бақылауында.

-Бұл дәстүрлі сапар деуге болады, Петропавлға бес-алты жыл қатарынан келіп жүрміз. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында біз туа бітті жүрек ауруымен ауыратын балалар бойынша консультативтік жұмыс жүргіземіз. Кардиологтардың бақылауындағы 18 жасқа дейінгі сырқаттарды қабылдаймыз. Балаларды қабылдау кезінде кімге ота жасап, жоғары технологиялық емдеудің қажеттігін анықтап, іріктейміз. Мұндай сырқаттарға Астанаға келуге кеңес береміз. Операция жасалған сырқаттар да бар. Жергілікті кардиологтардың бақылауына алынған, ал біз әр жарты жыл сайын келіп, балаларды қабылдаймыз. Біздің келуімізге дәрігерлер сырқаттардың тізімін жасап, дайындап қояды, — деді Астана қаласындағы ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың кардиохирургі Ринат Майоров.

Астанадағы ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың кадиохирургі мен ультрадыбыстық зерттеу маманы екі-үш күн ішінде 159 баланы, соның ішінде ауылдардан 82 сырқатты қабылдап үлгерді.

-Бізге тек ұлттық-медициналық орталықтан ғана емес, Алматы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан да мамандар келеді. Мұндай әріптестіктен нәтиже бар. Өйткені сырқаттарымыз тар бейінді дәрігерлерге қаралып, кеңес алады, қажет болған жағдайда Астанаға емделуге жіберіледі. Мұның алдында онкогематологтар кеп кетті, — дейді көпбейінді облыстық балалар ауруханасының консультативті-диагностикалық орталық меңгерушісі Арлан Балтабеков.

Бұл жолы астаналық мамандар жоғары технологиялық ота жасауға дерті ауыр жеті баланы іріктеп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz