ЖАНДЫ БАУРАҒАН КЕШ

Авторы: Qyzyljar News

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда белгілі өнерпаздар, мәдениет саласының үздіктері Динара және Асхат Таушевтардың классикалық ән кеші өтті.
Шарада өнерпаздар австрия композиторы, музыкадағы романтизм бағытының негізін қалаған Ф. Шуберттің туындыларын орындады. Сондай-ақ Ж.Бизенің «Пертская красавица» операсынан Смит серенадасы, Д.Пуччинидің «Джанни Скики» операсынан, И. Кальманнің «Сильва» опереттасынан Сильваның ариялары шырқалды. Әншілерді рояльда сүйемелдеген Андрей Слезконың өнерін жоғары бағалаған көрермендер концерттен ерекше әсер алып тарқасты.
«Жанды баураған әдемі де әсерлі кештің куәсі болдым. Маған өнерпаздардың шығарманы жеткізу шеберліктері, сахнада өз-өздерін ұстау мәдениеттері ерекше ұнады. Тыңдарманға шабыт сыйлайтын осындай рухани шаралар жиі ұйымдастырылса құба-құп», дейді көрермендердің бірі Ардақ Алдамжарова.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz