СҚО-да құрылысы ұзаққа созылған хоккей корты пайдалануға берілді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сүйемелдеуімен, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында құрылысы 3,5 жылға созылған жабық хоккей корты пайдалануға берілді.

Құны 111,4 млн теңгені құрайтын спорт нысаны 2022 жылдың қаңтар айында халықтың пайдалануына тапсырылуы тиіс еді. Алайда, мердігер – «Аквабилд» ЖШС жосықсыздығына байланысты, жоспарланған мерзімге құрылымның тек іргетасын құю бойынша жұмыстар атқарылған.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін, құрылыс мерзімін бірнеше рет бұзу себебінен тапсырыс беруші «Аквабилд» ЖШС-мен шартты бұзды. Нәтижесінде «Sport Equipment» жаңа мердігерлік ұйымы анықталып, барлық жұмыстар кестеге сәйкес орындалды және хоккей корты сәтті пайдалануға берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz