Петропавлда ата-аналарын алдап, жалдамалы пәтерде бас қосқан балалар ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдың ювеналдық полицейлері өткен демалыс күндері көңіл көтеру орындары бойынша түнгі рейдтер өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Екі дәмхананың иесі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз келуіне жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полицейлер рейд барысында түнгі уақытта үйден тыс жерде бас қосқан жасөспірімдер тобын анықтады. Жалға берілген пәтерде 8 кәмелетке толмаған анықталды. Сол үйдегі басқа пәтерде музыканың даусы қатты естіліп тұрғасын, бас сұққан тәртіп сақшылары жасөспірімдердің тағы бір тобының үстінен шықты. Онда жасы 13 пен 17 аарсындағы 10 бала көңіл көтеріп жатқан. Профилактикалық әңгіме өткізілгеннен кейін олар ата-аналарына табысталды.

whatsapp image 2022 02 16 at 10.46.56 1

— Ата-аналардың көбі олардың ұл-қыздары достарының үйінде түнейтіндігіне сенімді болған. Үлкендерден балалардың бос уақытын өткізулеріне көңіл бөлуді сұраймыз. Бұл жастағылар өздерін еркін сезініп, криминалдық ортаға түсіп кетуі немесе қылмыстың құрбанына айналуы мүмкін, дейді Петропавл қалалық ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Эльмира Абушева.

Заңға сәйкес кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден ойын-сауық мекемелеріне баруына, сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол берілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz