Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының «Копай» шағын ауданындағы үйлердің құрылысын тексерді.
Мұнда жаңа шағын ауданның келбеті пайда болуда. Қазір 605 пәтерлік жеті көпқабатты үй салынуда. Бұл кезекте тұрғандар үшін несиелік баспана. Төрт үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік желілер де тартылуда.
«Бұл шағын ауданда барлығы 3,8 мың пәтерлік 27 үй салынбақ. Әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша мен емхана да тұрғызылады. Тозығы жеткен үйлердің орнына жайлы өмір сүруге арналған болашағы зор шағын аудан бой көтермек», — деп жазылған облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ қаланы аралау барысында өңір басшысы бюджеттік және коммерциялық үйлердің құрылыс барысын бақылады. Петропавлда қазір барлығы 32 тұрғын үй салынып жатыр, оның 20-сы жеке компаниялардың есебінен.