Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласы базарларының бірінде акцизсіз темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады.
Жеке кәсіпкердің бутигінен әртүрлі атаудағы 2850 қорап темекінң тәркіленді. Кәсіпкерге қатысты жиналған әкімшілік материал темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін процестік шешім қабылдау үшін СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.