Петропавлда полиция қызметкерлері мас әйелді оқшаулауға мәжбүр болды

Авторы: Qyzyljar News

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде ювеналды полицейлер есепте тұрған тұрмысы төмен отбасылар мен жасөспірімдер бойынша рейдтерті күшейтілген режимде жүргізуде.

Рейдтерге СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясының, қорғаншылық, білім беру органдарының, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

Петропавл қаласында есепте тұрған 16 жасар қыздың тұрғылықты жері бойынша кезекті тексеру барысында тәртіп сақшыларын ішімдіктің иісі шығып тұрған анасы қарсы алды. Әйел медициналық тексеруден өтуден бас тартты, бірақ әйелдің өзін-өзі дұрыс ұстамауы полицейлерді процедуралық шешім қабылданғанға дейін оны оқшаулауға мәжбүр етті. Қызды өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына уақытша орналастыруға тура келді.

«Ата — аналардың ішімдікті асыра пайдалануы жасөспірімдердің қараусыз қалуының ең көп тараған себептерінің бірі болып табылады», — СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин дейді. – Қыз бала бірнеше рет үйден кетіп қалып, құқық бұзушылық жасаған. Мұндай жағдайларды шешу үшін мемлекеттік және қоғамдық институттардың шоғырландырылған қатысуы қажет. Рейд барысында барлығы 20 тұрмысы төмен отбасы және  есепте тұрған 3 жасөспірім тексерілді».

Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Тәртіп сақшылары ересектерді балалардың қараусыз қалуына жол бермеуге шақырады.

 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz