Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ормандарды өрттен қорғау бойынша шаралар қабылдады

Авторы: Qyzyljar News

Жүргізілген талдау шеңберінде облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде орман заңнамасының бұзушылықтарын анықтады.

Қолданыстағы орман өрт сөндіру станциялары ҚР АШМ бұйрығының талаптарына сәйкес келмейді, өрт сөндіру станцияларының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жеткіліксіз, оның ішінде өрт сөндірушілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, жылы гараждар, мамандар, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған қажетті жарақтандырулар мен жабдықтар жоқ.

Барлық орман мекемелерінде орман өрттерін ерте танудың автоматты жүйесі (FireWatch жоқ), арнайы жедел әрекет ету авиациясын сатып алу және орман өрттерін сөндіру, жетуге қиын жерлерде десанттың қонуын қамтамасыз ету үшін тікұшақ алаңдарын орнату бойынша ұсыныстар назардан тыс қалған.

Су алуға арналған өрт гидранттары мен су айдындарының жай-күйі, минералданған қорғаныш жолақтарды орнату бойынша басқа да бұзушылықтар анықталды, халыққа эвакуациялау жоспарларын жеткізу және ерікті өртке қарсы құралымдар құру бойынша түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізілуде.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстық бюджеттен арнайы өрт техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 296,6 млн. теңге, 7 орман шаруашылығы бойынша өрттерді ерте анықтау бойынша құрылғыларды сатып алуға 45 млн. теңге бөлінді, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде үш аудан әкімі бар.

Сондай-ақ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 3,3 млрд. теңге сомасына өртке қарсы техниканы сатып алу үшін лизинг мәселесі шешілуде, бұл орман иелерін қолданыстағы нормалар мен нормативтер бойынша өрт машиналарымен және тракторлармен 100  пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz