ДОҢЫЗДЫҢ АЛДЫНА АЛТЫН ТӨКСЕҢ…

Авторы: Qyzyljar News
      Мен тұратын Петропавл қаласындағы Айыртау көшесінің үшінші үйі маңында кішкентай ғана саябақ бар. Кіреберісінде облыс тарихында белгілі тұлға Тауфиқ Мұхамедрахымовқа арналған тұғыртас тұр. Мемлекет қайраткерін әлдебір «данышпандар» «мемлекеттік қайраткер» деп тасқа қашап тұрып жазыпты. Енді қатені балталасаң да түзей алмайсың.
      Бірақ айтпағым бұл да емес. Ескерткіш деуге де, белгітас деуге де келмейтін осы жерден елу метрдей жерде ескі — құсқы үйіндінің арасында адам жатыр. Әуелде бұл әлдекімдердің шығарып тастаған қоқысы шығар деп өте бергенімде ескі көрпенің астында бүк түсіп жатқан қаңғыбасты байқадым.
Жалпы осындайда тәртіп сақшыларының, қала тазалығына жауаптылардың мұндай жерлерде бой көрсетпейтіні қалай? Көшеде иттерді тұмылдырықсыз қыдыртып, көрінген жерге отырғыза беретін «мәдениетті» тұрғындар туралы Эльмира қарындасымыз әлеуметтік желіде жазып еді. Алайда осы уақытқа дейін полиция тарапынан ешқандай шара қолданылмай отыр.
      Анда-санда қыс қарсаңында қаңғыбастарды жылы үйге орналастырып жатқан әлеуметтік сала қызметкерлерін теледидардан көріп жатамыз. Алайда жайлы үйден де қаңғыбастықты жақсы көретіндер мұндай қамқорлықты бағалай ма? Одан да оларды бір орталыққа жинап алып, көше тазалау жұмысына салу, қоғамға пайдалы істерге тартып, тиісінше еңбекақы беріп әлеуметтік ортаға қосу дұрыс емес пе?
462366987 3883423388596560 1472765227250280392 n
Марат Ермұқанов

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz