Жолда абай болыңыз!

Авторы: Qyzyljar News

   Полицейлер көлік құралдарының жүргізушілеріне Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа райының ерекшеліктеріне байланысты  жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертеді.

Қысқы дөңгелектерге ауысуды уақытылы жоспарлаған жөн. Көктайғақ кезінде апаттың қаупін азайту үшін аса маңызды екі кеңесті ұстанған абзал: қозғалыс жылдамдығын азайту және алда кетіп бара жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты ұлғайту. Бұл жол-көлік оқиғасы туындауы мүмкін жағдайда шұғыл шешім қабылдау үшін уақытты ұтуға көмектеседі.

Жолда жаяу жүргіншілерден де аса сақтық таныту талап етіледі. Қар жауып, мұз пайда болған уақытта көлік құралдарының тоқтауы қиындайды. Жаяу жүргіншілер өткеліне шыққан кезде жүргізушілердің жол беріп жатқанына көз жеткізіңіз.

Ересектер балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қосымша түсіндіруі қажет.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz