Көктайғаққа тап болған жүргізушілер көмексіз қалмады

Авторы: Qyzyljar News

      Алғашқы жауған қар Солтүстік Қазақстан облысының жолдарындағы жүргізушілерді әлекке салды. Тек соңғы тәулік ішінде өңір полицейлері көктайғақ салдарынан қиындықтарға тап болған жүргізушілерге бірнеше рет көмектесті.

«Челябі – Новосібір» автожолының 418 шақырымында төрт фура ілгері жылжи алмады, ал осы жолдың 619 шақырымында жеңіл көліктің 74 жастағы жүргізушісі Омбы қаласына немерелеріне бара жатып жолдан шығып кеткен.

Тағы үш оқиға «Жезқазған – Петропавл» автожолында орын алды. 896-шы шақырымда көктайғақ «КамАЗ» жүк көлігін кері айналдырып жіберген, ал 899 шақырымда «ГАЗель» жол үстінен шығып кеткен, 940-шы шақырымда «Audi» автокөлігі аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғалары болған учаскелерде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы техника ұсынған кәсіпорындармен, мүдделі ұйымдармен байланыста болды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден ауа райы болжамын бақылап отыруды, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескеруді сұрайды. Сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде жолда аса сақ болуға, жылдамдық режимін, тиісті арақашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

2

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz