330
Хорватияның Порек қаласында ардагер-спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті.
Әлем біріншілігінде солтүстікқазақстандық балуан Жоламан Дәуренбеков грек-рим күресінен ел намысын абыроймен қорғады. Жерлесіміз ақтық сында Финляндия мемлекетінің өкілі, бұл доданың жеті дүркін чемпионына 8:5 есебімен жол берді. Нәтижесінде солтүстікқазақстандыққа күміс медаль бұйырды.