ЖАҢА МАУСЫМ – ЖАҢА ЛЕП

Авторы: Qyzyljar News

       Ақан сері атындағы облыстық филармонияның 60-шы концерттік маусымы басталды. Жаңа маусымға арналған мерекелік бағдарлама қызылжарлық көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көрермендермен сағыныса қауышқан филармония ұжымы жаңа маусымға ерекше дайындықпен кіріскенін байқауға болады. Адамның жансарайы сазды әуенмен, әсем әуенмен, мінсіз би қимылымен жадырап, рухани шабыт алатыны баршамызға белгілі. Концертте көпшіліктің көзайымына айналған шығармашылық құрам өз өнерлерін ортаға салды. Ақан сері атындағы облыстық филармонияның «Әлқисса» фольклорлық, «Қызылжар» халықтық музыка, «Туған жер» би ансамбльдері мен «МIAMI» тобы, жеке орындаушылардан Ғалымжан Нұрпейісов, Еркебұлан Қарыпов сынды тағы басқа өнерпаздар Қызылжардың аспанын күмбірлі күй мен сазды әуенге бөледі. Сондай-ақ «Әдемі-ау», «Мәңгілік» би ансамбльдері мен Михаил мен Ольга Лахтиндердің би студиясы өнерпаздарының орындауындағы «Арташат», «Нәзіктік», «Боз жорға» билерін көпшілік ыстық ықыласпен тамашалады. Өнер десе ішер асын жерге қоятын көрермен камералық хордың, Мәдениет саласының үздіктері Мұхит Ахметов, Динара Таушева мен «Кербез» триосы, Руслан Мұстафин, Нариман Жолдасбеков, Махамбетәли Әбілда, Марат Ғайнуллин және тағы басқаларының өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Концерт соңында филармония ұжымына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің ықылас гүлі тарту етілді.

Жаңа маусымда кішкентай көрермендер де назардан тыс қалмады. Бұл орайда балаларға «Алдар көсе» музыкалық қойылымы қуаныш сыйлағанын айтып өту қажет.

 

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz