Неміс компаниясы Солтүстік Қазақстанда зауыт ашуды жоспарлап отыр

Авторы: Qyzyljar News

       Өңірімізге германдық «Amandus KAHL» компаниясының құрылтайшысы Йоахим Берманн келді. Кездесу барысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Йоахим Берманн перспективалық инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесі талқылады.

«Amandus KAHL» әртүрлі өнімдерді түйіршіктеуге арналған жабдықты өндіруде көп жылдық тәжірибесі бар. Неміс компаниясы бұл өндірісті елімізге әкеліп, түрлі түйіршіктер, жем түйіршіктерін жасайтын қондырғылар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр.

«Германияның компаниясы қазірдің өзінде жергілікті серіктестіктермен жоңышқадан, зығыр сабанынан және ағаштан түйіршіктер өндіру жобаларын қолға алған. Қондырғылар шығаратын зауытты ашу үшін шетелдік инвесторға барлық қажетті көмекті көрсетеміз»,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz