Облыстық полиция департаментрі криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстанда интернет-алаяқтар жаңа түрі пайда болғандығын хабарлайды.
Әлемде ол квишинг деп аталады. Бұл фишингтік шабуылдың бір түрі, олар тексерілмеген сілтемелер арқылы құрылғыға орнатылады.
Енді алаяқтар QR-кодтар жасауды меңгерген. Қаскүнемдер жалған веб-сайттар жасап, оларға зиянды сілтемені кірістіре отырып, QR-кодтар жасайды.
Ол бұл кодтарды электрондық пошта , мессенджерлер арқылы жібереді немесе оларды түпнұсқаның үстіне жапсыра отырып, қоғамдық орындарға орналастырады.
Мұндай кодтарды телефонға «еңгізгеннен» кейін адамдар құрылғысын қауіпті вируспен жұқтыруы мүмкін. Жалған код жәбірленушінің шотынан ақшаны есептен шығарады немесе сатушыға емес, алаяқтарға төлем аударады.
Полицейлер күмәнді QR-кодтарды сканерлемеуді ұсынады. QR-код арқылы төлем жасаған кезде, ақшаны кімге жібергеніңізді міндетті түрде тексеріңіз. Егер алушы дұрыс көрсетілмесе, әрекетті жасамаңыз.
Бүгінгі таңда облыс аумағында мұндай фактілер тіркелген жоқ, дегенмен, полицейлер адамдарды мобильді құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдаланған кезде мұқият болуға шақырады.