ЖАЙЫЛЫМ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

Авторы: Qyzyljar News

       Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жүргізген мониторинг  бойынша  өңірде бағылатын  төрт түлікке 763 мың гектар жайылымдық жер қажет деп есептелсе, бары – 823 мың гектар.

Басқарма басшысының орынбасары  Жалғас Сүлейменовтың айтуынша, 2022 жылдан бері   игерусіз қалған 621,4 мың гектар алқап мемлекет меншігіне  қайтарылған. Оның 112,2 мың гектары егістік болса,  қалғаны – жайылымдық жерлер.

«Жер аманаты» комиссиясының отырысында 387,6 мың гектар жердің  қайта бөлінгені айтылды. Атап айтқанда, мал жаюға 171,7 мың гектар жер телімі қарастырылса, ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін азаматтарға 215,9 мың гектар үлестірілген. Жеке шаруашылықтар үшін жайылымдық жерлерге деген тапшылық байқалмайды.

Алдағы уақытта да заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жалғасады. Егер жер пайдаланушы адал жұмыс істеп, инвестиция құйып, ауылды дамытып, жұмыс орындарын ашса, ешқандай мәселе туындамайды.

Бағылатын мал басының жүктемесі 50 пайыздан аз болса, жайылым мақсатты пайдаланылмаған болып табылады.

     Ілияс САБДИНОВ,

     «AMANAT» партиясы облыстық филиалының                                                                                                                        баспасөз хатшысы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz