2024 жылдың 19-20 қазан күндері Астана қаласы, Қарқаралы тас жолы 1 мекенжайы бойынша «Қазанат» ипподромында, Солтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.
Жәрмеңкеге 13 аудан мен Петропавл қаласынан 110-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
· Еттің барлық түрі | — | 112,8 тонна; |
· Картоп және көкөністер | — | 485 тонна; |
· Сүт өнімдері | — | 31 тонна; |
· Тауық жұмыртқасы | — | 120 мың дана; |
· Бал | — | 9,7 тонна; |
· Шұжық өнімдері | — | 7 тонна; |
· Ұн және макарон өнімдері | — | 71 тонна; |
· Басқа өнімдер | — | 12 тонна. |
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20% төмен болады. Апарылатын өнімнің жалпы көлемі 735 тоннадан астам.
Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарының төмендегі өнім түрлері ұсынылады:
— «Зенченко и К» КТ, «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС, «Саумалколь SUT» ЖШС, «Лера NORD» ЖШС, «Ростан» ЖШС, «Пальчик» ЖК және т.б. — сүт өнімдері;
— «Шатило и К» ЖШС, «Полудинское» ЖШС, «Ахметбек» ШҚ, «Beybaris» ЖШС, «Алтын Астык KZ» ЖШС «Амиржанов» ШҚ, «Свистунова А.А.» ЖК, және т.б. – ет өнімдері,
— «Аркалык» ШҚ, «Рамазан» ШҚ — қымыз сүті,
— «Султан ЭММК» ЖШС, «Hikmet LTD» ЖШС, «Agrimer Mamlutka» ЖШС, «Егин» ЖШС, «КМК» ЖШС және т.б. — ұн, макарон өнімдері,
— «КазМясоПродукт» ЖШС, «ЕМС Агро» ЖШС, «Загот Интер» ЖШС және т.б. — ет консервасы және шұжық өнімдері,
— «Атамекен-Агро-Есиль» ЖШС, «Елим Кызылжар» ЖШС, «Агрос» ШҚ, «ES Global agro» ЖШС, «Астык-Stem» ЖШС және т.б. — картоп және көкөніс өнімдері.
Өткізіліп жатырған жәрменкеге, Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы