ПЕТРОПАВЛДА АҒАШ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Республика күні қарсаңында Премьер-министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен ағашты тереңдеп ұқсататын жаңа зауыт іске қосылды.
Түрік инвесторы Оғузхан Челиктің озық жобасын жүзеге асыру мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. Оған 8 млрд.теңге мөлшерінде қаржы тартылып, 300 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпорын жоғары технологиялық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Толық қуатына көшкенде жылына 50 мың текше метр ламинатталған фанера шығара алады. Осылайша елімізде аталған өнімнің импорты 13 пайызға дейін азаймақ.
Ағаш өңдеу кластері «Qyzyljar» АЭА аумағында орналасқан. Мұнда жанармай түйіршіктерін шығаратын желі де іске қосылуда. Бұдан бөлек, ДСП, химия және жиһаз өндірісін жолға қою жоспарланған. 2027 жылға дейін бұл бағытқа 25 млрд теңге инвестиция салынады.
Премьер-министрдің кеңесшісі жұмыс сапары барысында жылыжайды, қағаз өнімдері фабрикасын, сүт зауытын аралады. № 2 Петропавл жылу электр орталығының жұмысымен танысып, жол өткелінің құрылысын бақылады.


Диас АЯҒАН.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz