Петропавлдықтар эвакуациялық сатыларды кесіп тастаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық әкімдіктің отырысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов,  қажеттілігі жоғары  сатыларды кесіп тастайтын петропавлдықтарды сынға алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Эвакуациялық саты қоғамдық маңызы бар нысандарда болуы тиіс міндетті заттардың бірі. Ал, көпқабатты үйлердегі қажеттілігі бесенеден белгілі. Бірақ, өкінішке қарай өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар орын алған кезде болуы тиіс сатыны алып тастайды. Бұдан басқа талапқа сай орнатылған люктарды да жауып тастаған жағдайлар көптеп кездеседі деді өңір басшысы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов  бұл бағыттағы жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартты. Мүлік иелері бірлестігі мен пәтер иелері  бар үйлерге департамент өкілдері  барып,кооперативі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ал, ондай ұйым құрылмаған үйлерге кіруге мамандардың құқығы жоқ.

-Өрт қауіпсіздігінің белгіленген талаптары мен ережелері бар. Жауапкершілігі жоқ тұрғындар өздерін де, айналасындағыларды да қатерге тігеді. Бұған бей-жай қарай алмаймыз. Сондықтан бұл мәселені шұғыл шешу керек, деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz