СОЛТҮСТІК ӨҢІРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ

Авторы: Qyzyljar News

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде өңірлерде салынып жатқан тауарлы-сүт фермаларының құрылыс барысы қаралды.

Жиында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғызылған тауарлы-сүт фермаларының оң тәжірибесі үлгі етілді. Өңірде құрылысқа  жеңілдікпен несие рәсімдеу 2023 жылы басталып, 100 млрд теңгенің бірінші траншы жылдық 2,5 пайыздық өсіммен берілді.  Биыл 65 сүт кешенін салу  белгіленсе,  17 жоба іске асырылуда.  17 млрд. теңге қаражат мал сатып алуға және жаңа тауарлы-сүт фермаларының құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталды.  Бұл ретте жалпы сомасы 54,5 млрд теңгені құрайтын жаңа 17 ферманың құрылысына салынған инвестиция –  кәсіпкерлердің өз қаржысы.

Жиында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, қазіргі уақытта жалпы құны 100 млрд. теңге болатын 2023 жылғы транштың игерілуі 94,4 пайызды құрайды. 20 тауарлы-сүт фермасы салынып, пайдалануға берілді, 24 жоба бойынша жұмыстар аяқталуда.  Көш басында Солтүстік Қазақстан облысы келеді.

Серік Жұманғарин жобалардың кешеуілдеуіне қатысты өңір басшыларын тыңдады. Іске асыруы биылға жоспарланған барлық жобаның төртінші тоқсанда аяқталуын жеделдетуді тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz