Cолтүстік Қазақстанда бес мың маманға әлеуметтік көмек төленбеген

Авторы: Qyzyljar News

        Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмегендіктерінен, құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды.    

Облыс прокуратурасының мәліметінше, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының талаптарына қайшы, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы бес  мың маманға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек төлеу көзделмеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мәслихаттардың шешімдерінде жоғарыда аталған төлемдер көзделген, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мамандар үшін 115,1 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын бөлді. Бүгінгі таңда 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленіп жатыр. Нәтижесінде, қабылданған шаралармен ауылдық жерлерде тұратын қызметкерлердің құқығын қорғауға қол жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz