Мас күйіндегі автокөлік нұсқаушысы

Авторы: Qyzyljar News

         Петропавл қаласында полицейлер «Мас жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің соңғы күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың стандартты емес фактісін анықтаған.

Патрульдеу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қожаберген жырау тас жолының жүріс бөлігінің бойында — Петропавл қаласына кіре берісте көлденең тұрған «Volkswagen Golf» оқу көлігін байқаған.

Автокөлік мектебінің курсанты көлікті басқара алмай, төтенше жағдай туғызғаны белгілі болған. Практикалық сабақ өткізген 55 жастағы автокөлік нұсқаушысынан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның мас күйде екендігін  растады. Нұсқаушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды.

         -Мас жүргізушінің әрбір сапары ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін,- деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы,  полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. — 14-20 қазан аралығында өткізілген жедел-профилактикалық шаралар  кезеңінде облыс жолдарында осындай 32 жағдай және 2 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылық анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz