АУРУХАНАҒА – ЗАМАНУИ ЖАБДЫҚ

Авторы: Qyzyljar News

         Көпбейінді облыстық аурухананың онкологиялық орталығына «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық бағдарламасы аясында «Halcyon» сәулелік терапия жүйесі мен «SOMATOM go SIM» компьютерлік томографы орнатылды. 

Аурухананың бас директоры Сәкен Әмрин қатерлі ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету үшін орнатылған қажетті қымбат жабдықтың мүмкіндігі зор екенін айтты.  «Бұл заманауи жабдық көздің, есту мүшесінің, параназальды синустың, көмейдің, ауыз қуысының, мұрынның, тыныс алу мүшелерінің обырын  ерте кезеңде анықтау үшін қолданылады.   Медиастинаның және жүректің, терінің, тері астындағы тіндердің, сүт безінің, зәр шығару жүйесінің  қатерлі ісіктеріне шалдыққан   науқастар жоғары дәлдікте тиімді сәулелік терапия ала алады», — деді дәрігер.

Бұл «Қазақстан халқына» қоры тарапынан өңірімізге сатып алынған алғашқы қондырғы емес. Бұған дейін облыстық балалар ауруханасы  да қор қаражаты есебінен заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген болатын.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz