ҚАРАУСЫЗ МАЛ — АПАТҚА СЕБЕП

Авторы: Qyzyljar News

        21 қазаннан 22 қазанға қараған түні Айыртау ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар Саумалкөл-Новоишим автожолында 29 жастағы Kia Rio жүргізушісі тас жолға шауып шыққан жылқыны қағып кетті. Ал Бірлестік ауылының маңындағы жергілікті маңызы бар автожолда Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі екі жылқыны соқты. Екі жағдайда да көліктерге зақым келгенімен, адамдар да, жылқылар да зардап шеккен жоқ.

Бір апта бұрын М.Жұмабаев ауданының аумағында осындай жол  апатынан екі сиыр өлген болатын. Жүргізуші аман, алайда көлікке қатты зақым келді.

– Полиция қызметкерлері еркін жайылым фактілерінің алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде. Дегенмен жүргізушілер түнгі уақытта жолда абай болу керек, әсіресе қиын учаскелерде, елді мекендерге жақын жерлерде “Мал айдау” белгілерін орнатылған орындарда жылдамдықты төмендету қажет, – дейді облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz