Төрт жайлы мектеп бой көтереді

Авторы: Qyzyljar News

       Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жайлы мектептердің құрылыс барысымен танысты.
Жеткіншектердің талапқа сай білім алуына бірден-бір қолайлы жағдай жасаудың басты шарты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы түрде жүзеге асыру болып табылады. Осыған орай облыс орталығының «Орман» және «Береке» шағынаудандарында әрқайсысы 600 орындық екі жайлы білім ошағының құрылысы жүргізілуде.
Осы нысандарда болған Ғауез Торсанұлы жайлы мектептер сапалы білімнің кепілі екенін атап өтті.
«Заманауи жайлы мектептердің ашылуы оқушылар үшін жаңа білім беру ортасын қалыптастырады», — деген өңір басшысы «Берекедегі құрылыс алаңындағы жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды.
«Ормандағы» білім ошағының құрылысы аяқталуға жақын.
Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Жас өркен» және «Копай» шағынаудандарында 1,5 мың орындық тағы екі мектептің құрылысы жобаланған.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz