Елімізде жолаушылар вагондарын кезең-кезеңмен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жергілікті «ЗИКСТО» зауытында жасалған жолаушылар вагондары «Алматы-Қостанай» бағытындағы №43/44 пойызына тіркелмек.
Көлік министрлігінің мәліметінше, «Түрксіб Астана» ЖШС жеке тасымалдаушысының паркі 2024 жылы шығарылған купе және плацкарт үлгісіндегі 10 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Сонымен қатар оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы штабтық вагон бар. Барлық вагондар биодәретхана және ауа баптағыш жүйесімен жабдықталған», – делінген министрлік хабарламасында.
Жаңа вагондар қараша айынан бастап «Алматы-Костанай» бағыты бойынша жолға шықпақ. Көптен бері жаңартылмаған бұл пойыз бағытының вагондары әбден ескіріп, жолаушылар сынына жиі ұшырайтын.
Осылайша вагон паркі биыл 122 бірлікке жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы да 18 вагон пайдалануға берілмек.
Жайна НҰРМАҒАНБЕТ.
Жаңа вагондар жолға шығады
317
алдыңғы жаңалық