Полицейлер құнды «artemia salina» шаянын заңсыз аулаудың жолын кесті

Авторы: Qyzyljar News

 

         Облыстық  полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің назарына түскен 33 және 22 жастағы екі петропавлдық, сондай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны артемия салина шаяны жұмыртқаларын заңсыз аулаған деп күдіктенеді.

Олар  ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және облыстық прокуратураның үйлестіруімен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұсталды. Заңсыз өндіру Мамлют ауданының аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде жүргізілген. Оқиға орнынан полицейлер жалпы салмағы 460 килограммды құрайтын алты қапқа салынған шаян жұмыртқалары тәркіледі. Жүргізілген сараптама мемлекетке келтірілген зиянды 3 миллион 712 мың теңгеге бағалады.

-Заңнама талаптарына сәйкес, топтың құрамында балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, — дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz