Жүргізушілерді жолдарда тазалықты сақтауға шақырады

Авторы: Qyzyljar News

        Еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жол қызметкерлері, оның ішінде «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлері, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық жол активтері сапасы орталығы филиалы және «ҚажСервис» өкілдері жүргізушілер мен жолаушыларға қағаздан жасалған экоқаптар табыстады.

Акцияның басты мақсаты – жолдарда тазалықты сақтау және қоқысты көлік жүретін бөлікке тастамау мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экоқаптар қоқысты жинау үшін берілген, оны кейін жол бойындағы арнайы жабдықталған орындарға тастауға болады. Бұл шара жол қозғалысына қатысушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға бағытталған.

       -Жол қызметкерлерінің «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы автожолдардың бойындағы экологиялық жағдайды жақсартуға және жол қозғалысына қатысушылардың жолдардағы тазалықты сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға арналған, — деп хабарлады Көлік министрлігі.

Акция автокөлік жүргізушілері арасында кең қолдау тауып, ұйымдастырушылар мұндай бастамалар халықтың табиғатқа ұқыпты қарау маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыратынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz