ЖОЛ ҮСТІНДЕ БОЛҒАН ОҚИҒА

Авторы: Qyzyljar News

       Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ақжар ауданында жолдағы жағдайды бақылау кезінде «Көкшетау-Омбы» автожолының 151 шақырымында «Shacman» ауыр жүк көлігін байқап қалды.

Белгілі болғандай көліктен ақау шығып, тіркемесі аударылып қалған. Қуанышқа орай, жүргізуші зардап шекпеді, бірақ Талшық ауылына апара жатқан бидай жол үстіне шашылды. Көлік қозғалысы көп бұл учаскеде әр бағытта бір жолақтан ғана бар. Қаладан манипулятор шақырылды, полицейлер сол маңдағы шаруашылықтардың бірінен жүк тиегішті табуға көмектесті. Бірнеше сағат бойы тәртіп сақшылары оқиға орнында болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жолда осындай жол-көлік оқиғасын байқаған кезде патрульдік полицейлер міндетті түрде жылдамдықты азайтуға кеңес береді: шашылған астық жол үстінде жүруді күрт төмендетеді. Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыруды сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz