210
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры қараша айының 4,5,6 күндері Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында өзінің қойылымдарын көруге шақырады.
4 қараша, сағат 19.00-де – Рахымжан Отарбаевтың «Хан Жәңгір» реквиемі ,( режиссері Мұқанғали Томанов).
5 қараша, сағат 19.00-де – Шыңғыс Айтматовтың «Арманым – Әселім» лирикалық драмасы, (режиссері Талғат Теменов).
6 қараша, сағат 19.00-де – Ақұштап Бақтыгереева, Мадина Омарованың «Жұбан» поэтикалық драмасы, (режиссері Гауһар Адай).
Ал кішкентай көрермендерге Гүлдана Қалдинаның «Жалқаудың жыры» ертегісін ұсынады, (режиссері Ринат Сабырғалиев).