«Қорғау» бағдарламасы арқылы 1975 тәртіп бұзушы анықталды

Авторы: Qyzyljar News

                  Қазіргі заманғы «интеллектуалды» жүйелер полицейлерге жүргізушілердің жолда өзін қалай ұстайтындығымен күресуге көмектеседі. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшеттерімен жабдықталған «Мегакам.Қорғау» бағдарламасы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған және айыппұлдар бойынша қарыздары, шектеулері, жалған мемлекеттік нөмірлері бар көліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Астрахан ауылының маңындағы «Астана-Петропавл» тас жолында «Toyota Camry» автокөлігін жүргізіп келе жатқан 32 жастағы әйел адам тоқтатылды. «Интеллектуалды» бейнекамералар оның ЖҚЕ бірнеше рет бұзғандығын тіркеді, бірақ ол келіп түскен хабарламаларды елемеген. Полицейлер жүргізген профилактикалық әңгімеден кейін ол 380 мың теңгеге жуық сомаға жинақталған айыппұлдарды төледі.

Бұндай жағдайлар сирек кездеспейді. Бір апта бұрын Петропавл қаласында полицейлер «Мегакам.Қорғау» бағдарламасының көмегімен 21 жастағы студент басқарып келе жатқан «Toyota Camry» көлігін тоқтатты. Оның жалған нөмірлері бар көлікті басқарғаны анықталды. Қысқа уақыт ішінде ол жылдамдықты 14 рет арттырған, өзге бұзушылықтарға жол берген, бұл автоматты бейне жазу жүйелерімен тіркелген.

-Жалған нөмірлерді пайдаланғаны үшін сот жас жігітті бір тәулікке әкімшілік қамауға алды, сондай — ақ бір жылға басқару құқығынан айырды», — деп нақтылады СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. полиция полковнигі Ерлан Мәдиев. — Сонымен қатар, ол барлық жинақталған айыппұлдарды төлеуге мәжбүр болды. Қазіргі заманғы техника бұзушылықтар үшін жазадан жалтару мүмкіндігін азайтады. Жүргізушілерді заңды талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз».

Жыл басынан бері полицейлер «Мегакам.Қорғау» бағдарламасы арқылы СҚО автожолдарында 1975 бұзушыны тоқтатты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz