Наурыз айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қоса есептегенде екі аптаға жуық демалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көктемнің алғашқы айында елімізде екі мейрам тойланады: ол Халықаралық әйелдер күні және әз-Наурыз мерекесі. Нәзікжандылардың құрметіне арналған мерекеге орай қазақстандықтар 6,7 және 8-наурыз күндері демалады. Биыл 8-наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, наурыздың 5-і азаматтар жұмыс істейді. Ал дүйсенбі, яғни 7-сі демалыс күні ретінде бекітілді.
Осы жылы Наурыз мейрамы 21-і мен 23-і аралығында аталып өтеді. 19-ы мен 20-сы сенбі, жексенбі күндеріне келіп тұр. Сол себепті, ел тұрғындары наурыздың 19-нан бастап 23-не дейін демалады.