ПЕТРОПАВЛДА ГАЗ НЕГЕ ТАПШЫ?

Авторы: Qyzyljar News

          Қызылжарлық көлік иелері тағы да газдан тарықты. Онымен қоймай бензин тапшылығын да сезініп отыр. Қалтаға қолайлы деп көлігін газға ауыстырғандар қалада қазір көгілдір отын таппай жүр. Метанды іздеп мезі болған жүргізушілер шаһарды шарлап шаршады. Өңірдегі ірі компаниялар оны талонмен сатып жатыр.
Соңғы күндегі жүргізушілер қалада бірнеше күннен бері көгілдір отын іздеп сабылып жүр. Бензин таба алмай жүргендер де бар.

– Кеше екі газ беру бекетіне соқтым, барлық жерде талонмен дейді. Бағаны көтерейін деп тұрған шығар. Өзім солай деп ойлаймын. Газ үшінші апта – бірінде болса, енді бірінде жоқ. Бензиннің өзі талонмен беріліп жатыр, – деді қала тұрғыны Бекежан Нұрмұқанов.

Өңірімізде 100-ден астам газ құю бекеті бар. Олардың көбінде «Газ закончился» деген жазу тұр. Тек ірі компаниялар ғана литрін 89 теңгеден талонмен беріп жатыр. Жауаптылардың айтуынша бұл мәселе күзгі орақ науқаны кезінде жылда қайталанады.

– Биыл жауын көп болды. Бидайдың ылғалдылығы жоғары. Сондықтан, оны кептіру үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері оны жаппай сатып алып жатыр. Қазір аймақта көгілдір отынның 500 тоннадан астам қоры бар. Тағы 1300 тоннасы жолда. Алдағы уақытта мәселе тұрақталады, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Максим Сизов.

Газдың кезекті партиясы аймаққа қараша айында жеткізіледі. Негізінен көгілдір отыр Павлодар, Ақтөбе облыстарынан тасымалданады. Соңғысы жөндеуге жабылып, қайта ашылған болатын.
Жанаржағармай тапшылығына қатысты кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлама жасады.

-29 қазан облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов өңіріміздегі ірі автожанармай құю стансаларының басшыларымен кездесті. Бүгінгі таңда Энергетика министрлігімен бірлесе жергілікті стансаларды жанаржағармаймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі күні «Эталон Авто», «Helios» стансаларында АИ-92, 95 маркілі бензин мен дизель отыны, «Shelf» стансасында АИ-95 маркілі бензин, дизель отыны сатылып жатыр. «Qazaq Oil»-ға жақын күндері жеткізіледі, — делінген басқарма хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz