Шала туған сәбидің шырағы бар

Авторы: Qyzyljar News

             Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері 600 грамм болып туған баланы аман алып қалды.
19 тамыз күні дүниеге келген шақалақ бірнеше ай бойы мамандардың бақылауында болған. Қуанышты жаңалықты перинаталдық орталық мамандары «Инстаграм» әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

-Бүгін біз үшін қуанышты күн. 600 грамм болып туған сәбиді анасымен үйіне шығардық, – делінген орталықтың әлеуметтік парақшасында.Сәби салмақ қосқан соң ата мен бала үйге шығарылды.

Жас босанған ана тамыз айынан бастап осы күнге дейін баланың денсаулығына алаңдаған перинаталдық орталық мамандарына алғысын білдірді Нәрестенің әрі-қарай дамып-жетілуі перинаталдық орталық жанындағы ерте араласу орталығы мамандарының жіті бақылауында болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жер жүзінде әрбір оныншы бала айы-күні жетпей, шала туады екен. Уақытынан бұрын дүниеге келген шараналар да түрлі келеді. Жарты келі бір уыс қызылшақаның қатарға қосылуына ата-ана да, дәрігерлер де көп тер төгеді.

Жайна НҰРМАҒАНБЕТ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz