Қазан айында Солтүстік Қазақстан облысында инфляция жылдық есептеумен алғанда 9 пайыз құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлап отыр.
Бағалар 2024 жылғы қазанда 2023 жылғы қазанмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына – 5,7%, азық-түлік емес тауарларға – 9,1, ақылы қызметтерге – 13,8% өсті.
Жыл бойына (2024 жылғы қазан 2023 жылғы қазанға) бағалардың көтерілуі жұмыртқаға – 14,2%, нанға – 10,2, тұздалмаған сары майға – 8,6, тоқаш және ұннан дайындалған кондитер өнімдеріне – 8,5, етке – 3% белгіленген. Жармаларға бағалар 29%, қантқа — 1,6% төмендеді. Бағалар жас көкөністерге 1,8% өсті, соның ішінде қызанаққа – 32,7, қиярға – 21,7%, бірақ бағалар қызылшаға – 28,1%, ақ қауданды қырыққабатқа – 21,7, сәбізге – 14,5, басты пиязға –10,9% төмендеді.
Бағалар өсімі аудио көзбен шолу жабдықтары мен фотоаппаратуралар, ақпаратты өңдеуге арналған аппаратураларға – 45,6%, жеке бас тұтынуына арналған тауарлар мен приборларға – 11,8, фармацевтикалық өнімдерге – 9,7, киім және аяқ киімге – 9,5, жуу және тазалау құралдарына – 8,8, кітаптар мен кеңсе тауарларына – 7,7% құрады. Тас көмір 16,2% қымбаттады.
Байланыс қызметтеріне бағалар 10,2% өсті, олардан ұялы байланыс қызметтеріне – 27%, Интернет желісіне қосу ұшін төленетін абонент ақысы – 8,1%. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері 14,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер — на 10% қымбаттады. Көлік қызметтері 10,7% қымбаттады, олардан темір жол жолаушылар көлігі қызметтері – 20,4%, автомобиль жолаушылар көлігі қызметтері — 5,3%. Шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелері қызметтеріне бағалар өсімі 21,8% құрады.
2024 жылғы қазан | |||
2023 жылғы қазанға | 2024 жылғы қыркүйекке | 2023 жылғы желтоқсанға | |
Тауарлар мен қызметтер | 9,0 | 1,1 | 7,2 |
Азық-түлік тауарлары | 5,7 | 0,3 | 3,8 |
Азық-түлік емес тауарлар | 9,1 | 1,5 | 8,0 |
Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер | 13,8 | 1,5 | 11,0 |