ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БЕС МИЛЛИАРД ТЕНГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

          Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы сегіз қорғаныс бөгетін қалпына келтіруге «Демеу» корпоративтік қорынан бес миллиард теңгеге жуық қаржы бағытталды. Тағы 627 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Қазір ол жерлерде жұмыстар қызу жүріп жатыр. Яғни, бұзылған бөгеттер қайта салынып, барынша нығайтылуда. Инертті материалдар төселуде.

Биылғы су тасқынының салдарын жою және 2025 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жайында облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев «AMANAT» партиясы жанындағы өңірлік даму жөніндегі кеңестің отырысында айтып берді.

-Автожолдардың зақымдалған 42 учаскесінің 38-і толығымен қалпына келтірілді. Бұл үшін ҚР төтенше резервінен 5,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні 4 учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. «KAZ Minerals Demeu» компаниясының қаражаты есебінен Петропавл қаласының бірінші көтеру сорғы станциясында 3,2 млрд теңгеге қайта жаңарту жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда бірінші кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, — деді Қанат Дүзелбаев.

Қазіргі уақытта 184 тірек қалпына келтіріліп, 12 километр электр желілері салынды. Су басқан елді мекендерде қосымша 40 километр электрмен жабдықтау желілері салынып, 480 тірек орнатылған. Жалпы кәріз коллекторларын, жолдарды, электр желілерін, білім беру нысандарын жөндеуге, бөгеттерді нығайтуға және орнатуға, қоқыстарды шығаруға және басқа да іс-шараларға жергілікті атқарушы органның төтенше резервінен 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жалпы биылғы көктемде өңірде барлығы 3898 үйді су басқан болса, оның 2191-і Петропавлда. Қалған 1546-сы Қызылжар ауданында тіркелген. Су тасқыны салдарынан ұзындығы 44 километр электр беру желісінің 414 бағаны зақымданған. Материалдық шығын шамамен 2,7 миллиард теңгені құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz