ҚАРУ САҚТАУДЫҢ ТӘРТІБІН БҰЗҒАН

Авторы: Qyzyljar News

Облыс полицейлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр.  Акция 16 қыркүйекте басталған болатын.  50 күннің ішінде тәртіп сақшылары 347 жалдамалы пәтерді, 5700  саяжайды тексерді. Сонымен қатар, полицейлер 1200-ден аса шаруа және фермерлік қожалықтарды  аралады.

Мамандар бұрын қолданылған тауарларды сату орындарында 602 рейдтік іс-шара жүргізді. Есірткі граффитиді анықтау мен бояу жұмыстары да қоса атқарылып жатыр.

Қару иелері де назарда. Осы уақытқа дейін 6094 адам тексеріліп, 54 тұрғын қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

-Ақша, құжат, құнды заттар және қаруға қатысы жоқ басқа да заттарды қару сақтайтын сейфке салуға тыйым салынады. 50 күннің ішінде заңсыз айналымнан 12 тіркелмеген тегіс ұңғылы қару алынды, — дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz